ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Семинар – практикум

Семинардың мақсаты:

Педагогтардың балалардың белсенділігін ұйымдастыру арқылы жаңа технологияларды қолдану және жаңарту.

Семинардың тақырыбы: «Инновациялық технологиялардың мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту шарты ретінде»

Қатысушылар: Аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері 

Күні: 02.12.2022

«Терезе алдындағы бау-бақша»  топ  сайыстары

Мектепке дейінгі кезенде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог осы табиғатпен таныстырып қана қоймай,оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты.