БІЗ ТУРАЛЫ

«Жетісу облысы  білім  басқармасының Алакөл ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №1 «Арай» бөбекжай- балабақшасы  мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Мектепке дейінгі ұйымға жалпы сипаттама

Балабақша 1963 жылы пайдалануға берілген,  2 қабатты. Балабақша – 140 орынға арналған.  Объектінің жалпы алаңы —      0,7142 га. 2025 жылы күрделі жөндеуден өтті. Жылу орталықтандырылған.  Балабақшада  140 тәрбиеленуші, 19 педагог, 18 қызметкер, барлығы 37 қызметкер бар.

Балабақшада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50 бейнебақылау камерасы  орнатылған:  балабақша ішінде — 39,  сыртында – 11. Бақылау мониторы 1 қабатта вахтада орналасқан. Бейнебақылаудағы ақпараттар 30 тәулік бойы сақталады.

~tmp~winscan_to_pdf_1~2023-07-03_11-49-17

Балабақша тарихы

  • МКҚК №1 «Арай» бөбекжай- балабақшасы Алакөл ауданы, Үшарал қаласында 1963 жылы ашылды. Ауданымыздағы ең алғашқы балабақша «Аленушка» болды. Содан бері ауданымыздағы беделді балабақшалардың бірі болып қалыптасты. 1992 жылы күрделі жөндеуден өтіп №1 «Арай» бөбекжай балабақшасы болып атауы ауысты. 2025 жылы қайта күрделі жөндеуден өтіп жаңа кейіпке енген балабақша бүлдіршіндерге жайлы жағдай мен заманауи талаптарға сай орта ұсынып отыр.
  •  

 

Балабақшаны 2023  жылдан бастап Еркебаева Айман Кусановна  басқарып келеді.

  • Білімі: жоғары
  • Оқу орны: І. Жансүгіров атындағы институт
  • Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
  • Лауазымы: Меңгеруші
  • Жалпы еңбек өтілі: 25 жыл
  • Лауазымдық еңбек өтілі: 15 жыл
  • Осы мекемеде: 2 жыл
  • Санаты: Педагог-зерттеуші 

Балабақша өмірінен